Қытай дөкейлеріне қыз іздеген неке агенттігінің директоры әлдекімдердің қорқытып жатқанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай дөкейлеріне қыз іздеген неке агенттігінің директоры әлдекімдердің қорқытып жатқанын мәлімдеді

Қытай дөкейлеріне қыз іздеген неке агенттігінің директоры әлдекімдердің қорқытып жатқанын мәлімдеді

Астанада қытай дөкейлеріне қыз іздеген неке агенттігінің директоры қорқытып-үркіту мәніндегі хаттардың түсіп жатқанына байланысты құқық

  • 17 Қаңтар 2017
  • 815
Фото - Caravan.kz

Астанада қытай дөкейлеріне қыз іздеген неке агенттігінің директоры қорқытып-үркіту мәніндегі хаттардың түсіп жатқанына байланысты құқық қорғау органдарына арыз жазды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы толығырақ директор Татьяна Логвиненко айтып берді.

"Қорқытып-үркіту дерегі бойынша Бейбітшілік 19 мекенжайындағы ІІД-ге арыз жаздым", — деді Gimeney неке агенттігінің директоры Татьяна Логвиненко.

"Маған әйелдерді саудалап жатсың деп тиісті. Ал осы күндері біз клиенттерімізден қолдау көріп отырмыз, олар хабарласып, көмек қолын созамыз деп жатыр. Неке агенттігіміздің негізгі мақсаты — адамдарды бақытты ету. Оның ұлты қандай болатыны маңызды емес. Әйел шетелдікке тұрмысқа шыққысы келсе — оған ешкім тыйым сала алмайды. Бақытты болып, бала сүйгісі келсе — бұл оның жеке шаруасы. Бұл жоба қазақтар үшін емес, қазақстандықтар үшін. Бұл жобаға орыстар да, белорустер де, ұйғырлар да, татар қыздары да қатысады, тек қазақ қыздары емес. Қалаған адам қатысады", — деді неке агенттігінің өкілдері.

Агенттіктегілер елордада күйеу жігіттер аз дейді.

"Өткір мәселе бұл. Астанада бір ер адамға сегіз қыздан келеді. Ал енді әйелдеріміз не істеуі керек? 37-45 жастағылар қайтеді? Олар тұрмысқа шықпаған, бала сүймеген. Ал біздің қоғам 40-тан асқандарды қоқысқа тастап жатыр. Клиенттеріміз әр түрлі, жастары 32-ден 55-ке дейін барады. Қытаймен қатар, Батыс Еуропа елдерінің агенттіктерімен жұмыс істейміз. Бұған байланысты ешкім де наразы болмаған", — деді Логвиненко.

Айта кетейік, Прокуратураның мәліметінше, 11 қаңтарда шамамен сағат 11.30-да Республика, 42 мекенжайында орналасқан "Индира и К" бизнес орталығының жеке территориясында 20 адам жиналып, GIMENEY агенттігінің қызметіне наразылық білдірген. "Осы дерек бойынша, ішкі істер органдары мен прокуратура қызметкерлері оқиға орнына барды. Бизнес-орталықтың басшылығынан шағым мен өтініш түспегендіктен, құқық қорғау органдарының өкілдері алда болуы мүмкін заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша шара жүргізді", — делінген хабарламада.


Оқиға орнында аудандық прокуратура түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін наразылық танытушыларға компанияның кеңсесіне кіру ұсынылған. Сөйтіп, агенттік басшысымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Мәслихат аяқталғаннан кейін жиналғандар тарап кеткен.

"Астана әкімдігіне осы мәселе бойынша наразылық акциясын ұйымдастыру бойынша өтініш келіп түспегенін қосымша хабарлаймыз", — деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Еске салайық, қазақстандықтар Бейжіңнен келеді делінген дөкей қытайларға қазақстандық қалыңдықтарды жинау туралы хабарландыруға наразы болған еді. Осындай мазмұндағы хабарлама Facebook әлеуметтік желісіндегі "Доска объявлений Алматы, Астана" паблигінде жарияланған. Хабарламада Бейжіңнен келген дөкей жігіттер тобы қазақстандық қыздар мен шынайы қарым-қатынас құру үшін келе жатқаны айтылады.