Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту барысында Қазақстанға белсенді қолдау көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту барысында Қазақстанға белсенді қолдау көрсетеді

Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту барысында Қазақстанға белсенді қолдау көрсетеді

Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту барысында Қазақстанға белсенді қолдау көрсетеді. Бұл туралы кеше, 17-мамырда екі елдің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао қол қойған бірлескен мәлімдемеде айтылған,- деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

  • 18 Мамыр 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттер Қазақстан президентінің Қытай сапары барысында қол қойылған сауда-экономикалық, энергетика, көлік, ауылшарашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдер «екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуда айрықша маңызға ие» деп мәлімдеді.

Тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жағдай жасамақ ниетте. Екі ел «Өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті мен Қазақстан және Қытай кәсіпкерлері кеңесінің әлеуетін жоғары деңгейде пайдалануға әзір екенін дәлелдеп отыр»,- делінген мәлімдемеде. «Тараптар сауда-саттық құрылымын оңтайландыруға, инвестицияға қолайлы жағдай жасауға, энергетика, көлік, инфрақұрылым, ауылшаруашылығы, машина жасау, электроника, ғылым мен техника, ақпарат, қаржы, аэроғарыш және қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге әзірлік танытты».
Екі мемлекет сондай-ақ, «Қытай мен Қазақстан арасында шекаралық сауда-саттықты дамытуға жағдай жасауға ниет білдіріп » отыр.
Сондай-ақ, Қытай жағы «Қазастандық компаниялардың ҚХР-ның батыс аудандарындағы инвестициялық іс-шараларын қолдайды». Ал Қазақстан жағы «Қытай кәсіпорындарының Қазақстандағы түрлі экономикалық жобаларға қатысуын қолдайды».

Соңғы жаңалықтар