Жарияланды: 820

Қытай енді ешкімді жеңе алмайды

Қытай енді ешкімді жеңе алмайды

Ши Жинпиң Қытай компартиясының тізгінін қолына алғалы айға жақындады. Қазірше елеулі реформаның иісі сезілмейді. Десе де жуықтан бері көршілерімен жер таласына мықтап кіріскен Қытай онсыз да құрдымға кетіп бара жатқан экономикасын дұрыстауға асығар емес. Батыс елдерінде, әсіресе қазіргі дамушы елдерде халықтың назарын басқа бір нәрсеге аудару арқылы тыныштандыратын тәсіл бар. Мүмкін Қытай сол парақорлық пен экономикалық құлдыраудың салмағын

сезіне бастаған халықтың назарын енді «Жер таласына» аудару арқылы орнықтылыққа қол жеткізбек пе? Күні кеше ғана Жапониямен аралға таласқан Қытай мәселені шешіп болмай жатып енді Филиппин, Вьетнам, Индия, Пәкістан, Индонезия, Тайван қатарлы елдердің наразылығына ұшырады. Тіпті Вьетнам секілді елдер Қытайдың жаңа төлқұжатындағы Қытай картасына байланысты виза беруді тоқтатты. Қытайдың Ресеймен, Моңғолиямен де белгілі дәрежеде жер таласы бар екенін ескерсек, жан-жағындағы көршілерімен бұлайша жауласуы өздеріне пайдалы бола қоймас. Немесе олар басқа елдерді де кешегі жерін бере салып қарап отыратын Қырғыз сияқты көре ме?! Дерек: Қытайдың мен Филиппин, Қытайдың мен Индонезия арасында теңіз бөлісінде және Шиша топ аралдарынына қарасты даулы жерлер бар. Вьетнаммен арадағы жер дауы барған сайын өршіп келеді. Ал Үндістанмен Тибет автономиялы окургіне шекаралас жерлерге таласса, Кашмир өлкесіне қарасты шекарада да даулы аймақ бар. Бұдан тіпті Пәкістан да қалыс қалмайтын мәселе. Ал Ресей мен Қазақстанға әзірше ештеңе демегенімен 1969 жылғы «Жаманкөл оқиғасы» мен Уссури жақтағы қарулы қақтығысты ешкім ұмыта қойған жоқ. Ал Моңғол елімен де белгілі даулы жерлерді әзірше айтпағанымен бір күні оқулықтарына кіргізе қоюы мүмкін. Тіпті кейбір ғалымдары Моңғолияны Қытай территорясы санайтыны тағы бар. Міне, бұған Жапония мен Тайванды қосыңыз. Осылайша жан-жағындағының бәрін жұтқысы келетін аждаһадан кім сақтанбасын!? Балқашқа дейінгі жер Қытайдыкі деп оқып жатқан қытай балалары ертең Қазақстанға да құрық лақтыруы мүмкін ғой. Бұл сұмдықтарды айта берсең жүрегің шыдамайды. Тек сақтану керек. Алла Тағала сақтансаң сақтаймын деген. Қолына көк тиын түссе шет ел асуды армандайтын қысық көздердің енді көршілермен алакөздене бастауы нені түсіндіреді? Немесе қытайдың жаңа төлқұжаттағы картасы нені білдіреді? Осыған талдау жасап көрейік. Біріншіден, бұл Зор қытайшылдық саясаттың шектен шыға бастауы. «Қарға жемтік жесе де қанаты бар» демекші, өздерін зор санайтын қызыл қытайлар соңғы 2000-2008 жылдардағы экономикалық өсімнің буымен бұрынғы құлданған тарихын ұмытып кетті. Тіпті, ұлттық аймақтарды жедел қытайландыру саясатына кірісті. Онсыз да діні тосқауыл бола алмайтын моңғол сияқты ұлттар бірден қысық көздердің құшағына құлады да, ал діні мен ділі басқа ұлттар әзірше әупіріммен тұр. Бір Аллаға сеніп тырмысып жатқандарымен алпауыт Қытайдың арбауына қашанға дейін шыдары белгісіз. Біз қазақтар Қытайдағы туыстарымыздың қамын ойлап қиналып жүрміз, ал Моңғолиядағы моңғолдарға бәрі бір екен. Олардың сөзімен айтсақ, қытайдағылар моңғол текті халықтар ғана. Ал Ресейдегілер моңғол емес, қалмақтар саналады екен. Осылайша 7 миллионға таяу моңғолдар қытайға сіңіп барады. Оның есесіне Оңтүстік Қытайдағы қытайлардың өздерін қытай санамайтын аурулары асқына бастаған. Тіпті олардың өз тілдерін тірілтіп, автономия құрғысы келетіні анда-санда көрініс беріп жүр. Міне, бұл қытайдың іштен іри бастағанын көрсетсе керек. Екіншіден, кез келген таластағы шекаралық аймақтарды тек өздері иеленгісі келеді немесе басқалардың дәлел-фактілерін есепке алмайды, тойымсыз. Міне, бұл көрші елдердің зығырданын қайнатуда. Тойымсыз көздеріне қайнаған суды тірідей құйғысы бар кейбіреулердің. Бұл қытайлардың басқаларды көзге ілгісі келмейтін астамшылығынан туындаған ыза-кек. Үшіншіден, Қытай нақты күшіне емес, сезіміне сенген ел. Тарихи зымияндық саясат қытай рухын көтерді. Тағы бір ескеретін мәселе қытай тарихы құл қытайдың рухын көтеру үшін жаңадан жасалды және идеялогиялық саясатты барынша күшейтті. Міне, сол тәрбимен жетілген ұрпақ тарих сахнасына шықты. Қазір жас қытайлар өздерін Жапонияның басқыншылығынан құтқарған Кеңес одағы мен АҚШ екенін білмейді. Қытайда кез келген жерде қытайдың құлдық тарихы айтылмайды немесе оны бұрмалап көрсетеді. Анау аяқтарын ши аяқ етіп, бастарына айдар қойдырған шүршіт билігін қытай билігі етіп көрсетеді. Қытайлардың ендігі сасық дәмесі күллі әлемді өздері биелігісі келетіні. Қытай жер дауынан ұта ма, ұтыла ма? Қытай жер дауынан ұтылады. Себебі, біріншіден, Қытай ашық соғысқа алмайды. Елдерді бірін-біріне айдап салып, жымысқылықпен басып алатын заман келмеске кеткен. Оның үстіне Қытай Вьетнаммен соғыста, Кеңес одағымен қақтығыста тұмысығы тасқа тиіп, беті қайтқан. Соғысты қытай халқы психологиялық жақтан да, экономикалық жақтанда көтере алмайды. Екіншіден, Қытай астамшыл мінезін жаңа төлқұжатында бейнелеп көрші елдерінің ашуын тудырды. Онсыз да Қытайға жау көзбен қарайтын ел енді қытайға қарсы мықтап дайындала бастайды. Қытайдың отарына түспеудің жолын іздеп, иммунитет жинайды. Осылайша Қытай экономикасы мен саясатынан оқшаулау позициясын қалыптастырады. Қытай экономикалық тұрғыда біртіндеп осы оқшаулаудың кесірінен белгілі дәрежеде кері шегінеді. Үшіншіден, Қытайға көрші елдерде оған ашық қарсылық және бәсекелестік пайда болады, дамиды және өзара бір-бірімен бірігіп, топтаса бастайды. Міне, бұл Қытай базарын тарайтып, онсыз да құлауға дайын қытай экономикасына ауыр қысым түсіреді. Оның үстіне қытай билігінде белең алған мафия мен жемқорлық, сыбайластық пен жағымпаздық онан арман асқынады. Бұл Қытай билігінің салиқалы саясат жасауына кедергі болады. Онсыз да ішер ас пен жатар орынды отан ретінде танитын қытайлар үшін бұл керістің берері шамалы. Тек халық назарын талас-тартыстарға аудара тұру болмақ. Қытайдың жер дауынан ұтылуы халықтың сенімін азайтады. Наразылықты өршітеді. Осылайша, жер дауы кері кете бастаған елді онан армен тұралатқаннан басқа түк емес. «Иттің басын алтын табаққа салса шоршып түседі» деген мақалды аталарымыз осындайда айтқан болар. Бұрынғысынша көтере алатын тоқпағымен жүре бергені дұрыс еді. Қорыта айтқанда, Қытай бұрынғы аңдып басып, қамтып қалатын, қулығы мен сұмдығы қатар зымиян саясатынан ауытқи бастады. Енді тек қарынды тойдырып, атағын аспандатар. Бірақ дауды да, жауды да көбейтіп алғаны өзіне сор. Ал біз қазақтар осындайда басып қалар олжа мол болсын деп Алладан сәтін салуын тілейік! Авторы: Бұқарбай БЕЙСЕН Материал "http://shyn.kz" сайтынан алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін