Қытай халқының саны әлем халқының санының 19% үлесіне дейін төмендеді
Қытай халқының саны әлем халқының санының 19% үлесіне дейін төмендеді, деп жазады Синьхуа. |
«Егер өткен ғасырдың 70-ші жылдары Қытай халқының саны дүниежүзі халық санының 22% үлесін алса, 2010 жылы бұл үлес 19%-ға дейін төмендеген. Бұл туралы Халық санының дүниежүзілік күніне арналған жиналыста демографиялық саясат пен жоспарлы бала туу жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Ли Бинь мәлім етті», - делінген мақалады.
Оның айтуынша, Қытайда жаңа туылған нәрестелер, аналардың, жүкті әйелдердің өлімі дамушы елдер арасындағы ең төмені. Өткен 30 жылдан астам уақыт аралығында реформалау және ашықтық саясатты жүргізудің арқасында орташа жас ұзақтығы 68 жастан 73,5-ке дейін ұзарды. Бұл көрсеткіш бойынша, Қытай орташа дамыған мемлекеттер қатарына шықты.
Алдағы жылдары, дейді Ли Бинь халық санының проблемасы Қытайдың экономикалық және әлеуметтік дамуын тежеуіш негізгі фактор болып қала береді. Қытай үкіметі демгорафия саласындағы жұмысты стратегиялық міндет деп, елдің 12-ші бесжылдықтағы (2011-2015 жылдары) маңызды міндеті ретінде қарастырады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін