«Қытай елі Қорғас бекетіне дейінгі темір жолдың өздеріне тиесілі бөлігін 2008 жылдың аяғына дейін салуды жоспарлауда»,- деді С. Ахметов.
«Президенттің тапсырмасын орнадауда біздің министрлік «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып Қорғас-Сарыөзек темір жолын салу жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 1-маусымына дейін аяқтауға тиіс. Біз аталмыш жобаны концессиялық негізде жүзеге асырып, 2009 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді ол.
Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасы президентінің 2006 жылдың желтоқсанындағы Қытайға сапары барысында аталмыш халықаралық теміржол қатынасын ашу туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті