Қытай Халық Республикасына металл қалдықтарын шығарып, түскен валютаны елге әкелмеген Павлодардағы бір ЖШС-нің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Халық Республикасына металл қалдықтарын шығарып, түскен валютаны елге әкелмеген Павлодардағы бір ЖШС-нің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қытай Халық Республикасына металл қалдықтарын шығарып, түскен валютаны елге әкелмеген Павлодардағы бір ЖШС-нің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда Қытай Халық Республикасына металл қалдықтарын шығарып, түскен валютаны елге әкелмеген бір ЖШС-нің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің "шетел валютасындағы қаржыны сырттан қайтарып әкелмеу" жөніндегі 213-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2004
  • 505
Фото - Caravan.kz

Павлодарлық фирма Қытайлық әріптестеріне 129 325 долларға 1826,8 тонна металл бұйымдар мен қара металл қалдықтарын беру туралы шартқа қол қойған. Тауарды алған Қытайлықтар Павлодарлық фирманың есепшотына шартта көрсетілген қаржының бір бөлігін ғана аударған. Қалған қарыз 49 967 долларды құрайды.

ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңына сәйкес, экспортталған тауардың төлеміне арналған валюта резиденттің Қазақстандағы уәкілетті банкте ашқан есепшотына тауар елден шығарылғаннан кейін 180 тәулік ішінде аударылуы тиіс. Алайда, ЖШС аталған мерзімде валютаны елге әкелуді қамтамасыз ете алмады.
«ЖШС ҚР Ұлттық банкінен капитал қозғалысына қатысты операцияларды жүзеге асыруға 2004-жылдың 31-тамызына дейін лицензия алған. Алайда, лицензия алған операциялары бойынша ЖШС өз міндеттемелерін мерзімінде толыққанды орындай алмады»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
Қазір осы іс бойынша тергеу жүргізілуде. Баспасөз қызметіндегілердің нақтылауынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің «шетел валютасындағы қаржыны сырттан қайтарып әкелмеу» жөніндегі 213-бабы бойынша елге валюта әкеле алмаған ұйымның жетекшісіне 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы жүктеледі.

Перейти к новостям спорта