Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясымен арадағы байланысты нығайтуға мүдделі - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясымен арадағы байланысты нығайтуға мүдделі - телеарна

Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясымен арадағы байланысты нығайтуға мүдделі - телеарна

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясымен арадағы байланысты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы кеше Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2008
  • 772
Фото - Caravan.kz

Телеарнаның хабарлауынша, бұл қызметке жақында ғана тағайындалған Чэн Гопинді кеше «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев қабылдады. Елші Кытай Компартиясы «Нұр Отанның» жұмыс тәжірибесіне үлкен қызығушылық білдіріп отырғанын айтты. Және еліміздің саяси ұйымы өкілдерін Қытайға келіп тәжірибе алмасуға шақырды. «Осы күні Қазақстан Орталық Азия аумағындағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет»,- деді елші мырза. Ал, «Нұр Отан» партиясы осы елдің ең белсенді саяси күші» деп атап өтті Чэн Гопин.

ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чэн Гопиннің пікірінше, «Біздің партия әрі үкіметтің есептеуінше, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы — елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін саяси ұйым. Оның үлкен болашағы бар».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар