Ойынның бірінші кезеңіндегі жалғыз шайбаны 16 минутта Қытай хоккейшілері салды. Гол иесі 14 нөмірлі Р. Сун (R.Sun).
Екінші кезеңде қарқынын арттырған қытайлықтар қарсыластар қақпасына жауапсыз 5 шайба енгізді. Алдымен ойын бастала 1 минут өтпей жатып Р. Сун екінші шайбасын салса, 3 минуттан соң үшінші шайбаның иесі атанды. Тағы да минут өтпестен Х. Ки (X.Qi) төртінші, 29 минутта Р. Сун бесініші және 35-минутта Л. Таң (L. Tang) алтыншы шайбаны соқты.
Үшінші кезеңнің 46-минутында осы ойындағы белсенді ойыншы Р. Сун өзінің бесінші шайбасын соғып, есепті 7:0 жеткізді. 5 минуттан соң Қытай құрамасындағы 10 нөмірлі Б. Жаң (B. Zhang) 8 шайбаны, 54 минутта Х. Фаң (X. Fang) тоғызыншы шайбаны енгізді. Кездесудің соңғы нүктесін 58 минутта Х. Ки қойды. Қорытынды есеп 10:0, Қытай құрамасы басым түсті.
Сонымен қатар, 14 нөмірдегі Қытай хоккейшісі Р. Сун кездесудің үздік ойыншысы атанды.