Қытай Коммунистік партиясы 90 жылдық мерейтойын тойлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Коммунистік партиясы 90 жылдық мерейтойын тойлауда

Қытай Коммунистік партиясы 90 жылдық мерейтойын тойлауда

Қытай Халық Республикасында билік жүргізуші Қытай Коммунистік партиясының 90 жылдық мерейтойына орайластырылған іс-шаралар басталды.

  • 1 Шiлде 2011
  • 691
Фото - Caravan.kz

«Тарих пен халық Қытай Коммунистік партиясын таңдады». Бұл туралы бүгін Бейжіңде өткен салтанатты жиында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао мәлім етті.

«Қытай Коммунистік партиясы, біріншіден, халыққа арқа сүйей отырып, жаңашыл демократиялық революцияны аяқтады, ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізді, халықты азат етті. Екіншіден, социалистік революцияны аяқтады және социалистік жүйенің базисін құрды. Үшіншіден, реформалау саясатын жүргізді және өзіндік социализмді құрып, оны дамытып келеді.

«Осы үш айтулы оқиға қытай халқы мен қытай ұлтының тағдырын және болашағын өзгертті», деп атап көрсетті Ху Цзиньтао өз сөзінде.

Бүгін бүкіл елде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр, компартия мерейтойы — жалпыхалықтық мереке. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, «бұл миллиардтаған адамның туған күні».

Естеріңізге сала кетейік, Қытай коммунистік партиясы Аспанасты елінің билік жүргізуші партиясы. Әлемдегі ең үлкен партиялық ұйым саналатын Қытай компартиясының 80 миллиондай мүшесі бар.

Соңғы жаңалықтар