Қытай компаниялары Екібастұз ГРЭС-2 стансасының үшінші энергоблогы үшін жабдықтар ұсынып отыр
Қытайлық «Шанхай-Электрик» компаниясы Екібастұз ГРЭС-2 стансасының үшінші энергоблогына арнап 600-660 МВт турбоагрегат жеткізу туралы коммерциялық және техникалық ұсыныс жасап отыр, |
деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Қытайлық компания сондай-ақ «Альстом» лицензиясы бойынша қазандық және қосалқы жабдықтар жеткізу туралы ұсыныс әзірлеуде.
«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ғани Сәлімжуаров өткізген кеңеске «Shanghai Electic Power Generation Group» компаниясының, ресейлік және неміс компанияларының делегациялары қатысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін