Қытай корпорациясы Қазақстанның құрылыс секторын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай корпорациясы Қазақстанның құрылыс секторын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделеді

Қытай корпорациясы Қазақстанның құрылыс секторын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделеді

«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Болат Палымбетов Қытайдың CITIC Group корпорациясының өкілдерімен кездесіп,

  • 10 Маусым 2011
  • 337
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның құрылыс секторына инвестиция салу мәселелерін талқылады.

«Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-нан мәлім еткендей, қытайлық делегацияны CITIC Real Estate компаниясының президенті- CITIC Group директорлар кеңесінің мүшесі Ли Кан бастап келді.

CITIC Group өкілдері Қазақстанның құрылыс секторының даму болашағын және Астана қаласында жаңадан салынатын нысандарды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделеді. Өз кезегінде Б.Палымбетов ықпалдасу мүмкіндіктерін қарастыруға әзірлігін білдірді.

CITIC Real Estate Co., Ltd. — CITIC Group корпорациясының еншілес компаниясы, 2007 жылы құрылды. Негізгі қызметі — жылжымайтын мүліктерді басқару және құрылыс секторын дамыту.

Ал 1979 жылы құрылған CITIC Group корпорациясы 100 пайыз мемлекеттің меншігінде. Ол тікелей ҚХР үкіметіне бағынышты және Министрлік дәрежесі бар мемлекеттің негізгі инвестициялық бөлімшесі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар