Ұшақты жексенбі күні, 27 желтоқсанда қытайлық Air China компаниясы сапарға шығарды. Бейжіңнен шыққан Boeing 777 20 сағаттық ұшудан және канадалық Монреальда жанар-жағар май құюға аялдаған соң Гаванаға қонады.
Қазір қытайлық туристер үшін Латын Америкасындағы басты бағыт — Мексика мен Бразилия. ҚХР сондай-ақ Кубада люкс дәрежесіндегі демалыс орнын ұйымдастыруға ниет танытып отыр.