БАӘ-нің «Уакалят Анбаа әл-Эмарат» мемлекеттік ақпараттық агенттігі екі ел арасындағы келісімге Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мохаммед бин Зайед Әл Нахайянның Қытайға жасаған сапары барысында қол қойылғанын хабарлап отыр.
«БАӘ мен ҚХР-дың арасындағы стратегиялық қордың орнауы біздің серіктестігіміздің дамудың келесі кезеңіне өтуіне, екі ел экономикасын алға жылжыту үшін тығыз серіктестікте жұмыс істеудің өзара ынтасына және әлемдік экономиканың өсуіне көмектесуге негізделген», — деді шейх М.Әл Нахайян.
Қорды екі ел тең дәрежеде қаржыландырады, болашағы зор инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялауға бағытталады.