Қытай операсы Астанаға көктем мерекесін ала келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай операсы Астанаға көктем мерекесін ала келмек

Қытай операсы Астанаға көктем мерекесін ала келмек

Қытайдағы көктем мерекесіне орай Чунцин қаласының көркемдік ансамблі үздік қойылымдарын Қазақстанға ала келмек, деп хабарлайды қазақстандық баспасөз-клубы.

  • 5 Ақпан 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

Чунцин қалалық мәдениет, радио және телевидение басқармасы жанындағы ансамбль — көптеген елдерде өнер көрсеткен Қытайдағы атақты шығармашылық топтардың бірі.

«Көктемнің көңілді мерекесі — 2014» концертінде қазақстандық көрермендердің назарына Қытайдың дәстүрлі аспаптарымен орындалған әуендер, сычуань операсы және тағы басқа қызықты қойылымдар ұсынылмақ.

Гала-концерт 6 ақпанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.