Қытай Орталық Азия елдерімен арадағы жүк тасымалын жеңілдететін лигистикалық кешендер желісін құруды жоспарлауда
Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының түрлі бөліктерінде 2015 жылға дейін 21 заманауи логистикалық кешен салынып аяқталып, олар біртұтас желіге біріктіріледі. Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының Азия елдерімен арадағы жүк тасымалын жеңілдететін лигистикалық кешендер желісін құру жоспарына қатысты жұмыстар аяқталып келеді, оны жүзеге асыруға 1 млрд юань ($147 млн) жұмсау көзделген, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.