Жарияланды: 530

Қытай премьері жер сілкінісінің зардаптарын қалпына келтіруге көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябао бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесуде жер сілкінісінің зардаптарын қалпына келтіруге көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вэнь Цзябао Қытайдың Сычуань провинциясының Вэньчуань уезінде болған жойқын жер сілкінісіне орай көңіл айтқаны, табиғат апаттан зардап шеккен аудандарға бағытталған гуманитарлық көмек үшін Қазақстан жағына ризашылығын жеткізді. Бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябао шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Келіссөздер кезінде Кәрім Мәсімов кеше Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үкімет басшылары кеңесінің мәжілісіндегі, сондай-ақ бүгінгі келіссөздер Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға маңызды үлес қосатынын атап көрсетті. "Қазақстан мен Қытайдың мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның жыл сайынғы кездесулері біздің серіктестігіміздегі көптеген мәселелердің табысты шешілуінің кепілі болып табылады", деді Қазақстан үкіметінің басшысы. Бұл ретте Кәрім Мәсімов президенттердің Пекин мен Душанбедегі кездесулері екіжақты қарым-қатынастардың дамуына тың серпін бергендігін атап көрсетті. Сондай-ақ К. Мәсімов Вэнь Цзябаоны жазғы олимпиада ойындарының табысты өткендігімен құттықтады. "Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан олимпиада жақсы өтті және Қытай өз елінің жоғары дамуын паш етті", деді Қазақстан үкіметінің басшысы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін