Талаптар:
— ҚР азаматтығы;
— Бакалавр бағдарламасына тапсыратындарға — орта мектепті бітіру туралы аттестат, жас мөлшері — 25-ке дейін, тіл білу деңгейі HSK3-тен кем болмауы керек;
— Магистратураға тапсырушылар — бакалавр дипломы, жас мөлшері — 35-ке дейін;
— Докторантураға тапсырушылар — магистр дипломы, жас мөлшері — 40-қа дейін;
— Магистратура мен докторантураға тапсырушылар қытай тілін таңдаса, тіл деңгейі HSK 4-тен төмен емес сертификаты болуы керек.
Грант нені қамтиды:
— тегін оқу;
— ай сайынғы шәкіртақы, бакалавр — 350 доллар, магистратура — 420 доллар, докторантура — 490 доллар;
— медициналық сақтандыру;
— жатақханада орналастыру (немесе айына 90-140 доллар ақысы төленетін арендалық баспана).
Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 10-қаңтарына дейін жалғасады.