ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Сяопэйдің айтуынша, бұл техника екі елдің қорғаныс мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында қайтарымсыз көмек түрінде беріліп отыр.
ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, бұл автокөліктер ҚР қарулы күштерінің басшылығына, соның ішінде қорғаныс министрінің орынбасарлары мен ҚР Қарулы күштерінің әр тұрпаттағы әскери қолбасшыларына табыс етіледі. Бұл әскери басшылардың әскерлерді басқару мүмкіндігін арттырмақ. Техниканың біраз бөлігі Алматы гарнизонының әскери полициясы мен ҚР қорғаныс министрлігінің меймандары мен әріптестеріне қызмет көрсететін топқа тапсырылады.
Министрдің айтуынша, бүгінде ҚХР ҚР Қарулы күштеріне 30 млн. юань көлеміндегі мүлік пен құрал-жабдық табыс еткен. Олардың арасында әртүрлі автокөліктер, кеңсе техникасы, тыл мүлкі, ҚР қорғаныс министрілігінің Лингвистикалық орталығына қытай тілін зерттеуге арналған жабдықтар кешені берілді. Екі елдің қарулы күштері арасында шекарадағы сенім мен ықпалдастық шараларын нығайтуға бағытталған ынтымақтастық барған сайын күшейе түсуде.