Қытай Қырғызстан мен Қазақстаннан есек импорттауға бейіл - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қырғызстан мен Қазақстаннан есек импорттауға бейіл

Қытай Қырғызстан мен Қазақстаннан есек импорттауға бейіл

Қырғызстанда есек бағып, Қытайға экспорттау ісі дауға айналды. Ал Қазақстан Қытайға есек сату туралы бұрынғы мәлімдемесінен айнып қалды.

  • 4 Қараша 2016
  • 2971
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Қырғызстанда 2 мың бас есек Қытайға сатылғаннан кейін жергілікті тұрғындар мұндай кәсіпке наразы болып, есек сатуға заң жүзінде тыйым салуға шақырды. Ал кейбір сарапшылардың сөзінше, Совет Одағы кезінде-ақ Қырғызстан Еуропаға есек етін шығарған.

Қырғызстанда арнайы іс сапармен жүрген қытай кәсіпкерлері есек бағуға қолайлы аудандарды аралап, жергілікті жағдаймен танысқан. Қытай кәсіпкерлерінің өкілі Самара Алиеваның Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, Қытайда есек терісінен қымбат дәрі-дәрмек жасалады. Сол үшін Қытай кәсіпкерлері жыл сайын мыңдаған есек сатып алуға дайын.

— Қытай шет елден есек сатып алуға көп ақша бөлген. Бұрын Қытайдың өзінде есек көп еді. Қазір азайып қалды. Егер есек бағатын арнайы фермалар болса, келісіп жұмыс істеуге болар еді, — дейді Самара Алиева.

​Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекция жетекшісі Қалысбек Жұмақановтың Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, "2008 жылы қырғыз-қытай үкіметтері арнайы келісімге қол қойған".

« 2008 жылғы келісімге 2015 жылы қосымша хаттама жасалды. Бұл (есек — ред.) – мал. Біреудің малы. Бірі сатады, екіншісі сатып алады. Бұл халықаралық келісімде көрсетілген. Бұған дейін екі компанияға бас-аяғы 1700 бас есек сатуға рұқсат бердік. Оларды елден алып шығып кетті»,- деді ол.


Қырғызстанда есек бағып экспорттайтын үш фирманың екеуі — Қытай кәсіпкерлерінікі. Өнім өндірушілер мен кәсіпкерлер одағының жетекшісі Жырғалбек Сағынбаев "мұндай бизнеске қолдау білдіріп, халыққа дұрыс түсіндіру керек" деп біледі.

Есек сатып, пайда табуды академик Жамин Акималиев те қолдайды. Ол Совет Одағы кезінде Қырғызстаннан Еуропаға есек еті жасырын экспортталғанын еске алады.

— Бірде Қырғызстанға Италиядан арнайы тапсырма түсіп, жоғарғы жақтан бізге бұйрық беріліп, есек етін жасырын дайындап, Совет Одағы атынан Италияға жіберіп, біраз ақша алғанбыз, деді ол.