Қытай қызы құны 277 мың доллар тұратын алмаз тасты жұтып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай қызы құны 277 мың доллар тұратын алмаз тасты жұтып жіберген

Қытай қызы құны 277 мың доллар тұратын алмаз тасты жұтып жіберген

Тайландтағы зергерлік бұйымдар көрмесінде құны 277 мың доллар тұратын алты караттық алмазды Қытай азаматшасы ұрлап алып, жұтып жіберген.

  • 13 Қыркүйек 2015
  • 388
Фото - Caravan.kz


Көші-қон полициясы ұры қызды Бангкок әуежайынан ұстап алды, ол өзінің жігітімен отанына оралмақ болған.

Бағалы заттың ұрлағаны туралы зергерлік фирмалардың бірі бейсенбі күні хабарлаған болатын. Алаяқтар бағалы тастың құнын сөз етіп тұрып, орнына жасанды тасты қойып кеткен. Полиция бейнебақылаудың түсірген суреттерін жариялап, нәтижесінде ҚХР-дың азаматшасы қолға түсті. Олардың заттарын тінту кезінде бағалы зат табылмады. Екеуі де Тайландқа демалуға келген туристер екенін айтып бақты. Алайда алаяқтарды рентгенге түсірген соң 30 жастағы қытай қызы қылмысын мойындауға мәжбүр болды, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар