Қытай сайттары нарықты жаулады. Базарлар жойыла ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай сайттары нарықты жаулады. Базарлар жойыла ма?

Қытай сайттары нарықты жаулады. Базарлар жойыла ма?

Арзан бағада сауда жасауға қолайлы Қытай сайттары мен қосымшалары туралы білмейтіндер аз шығар. Шұлықтан бастап жиһазына дейін тапсырыс беріп жүрген халыққа  тиімді болғанымен, бұл базардағы саудагерлердің уайымына айналған сияқты.

  • 4 Тамыз 2023
  • 256
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы тілшісіне базарда ыдыс-аяқ сататын Али Олжасхан "Қазір базарға ешкім келмейтін болды" деген шағымын жеткізді. 

"Таңнан қара кешке дейін тұрып мардымсыз сауда жасайтын болдық. Бұрынғыдай емес. Осындағыларының бәрінде солай. Киім-кешек сатса да, азық-түлік сатса да сол. Базар бұрын қайнап жатушы еді. Бұлай жалғаса берсе базар жойылатын да шығар. Мысалы, бұрындары демалыс күндерінде тәулігіне кемі келуші 80 болатын. Оның 40-ы сауда жасап кетуші еді. Қазір 20 адамға сауда жасасақ шүкір дейміз. Табысымыз жалдау ақысы мен отбасымызды асырауға ғана жетіп жүр. Біздің өзіміз ғаламторға көше бастадық. Әлеуметтік желі арқылы жарнамасын жасаймыз. Жеткізіп береміз", — деген ол. 

Қалың жұрттың керегін базардан емес сайттан іздеп жүруінің себебі түсінікті. Онда баға бірнеше есе арзан. 

"Бұл қосымшаны пайдаланып жүргеніме 1 жылға жуық уақыт болды. Шынымен де бұл жақтағы бағалар біреулер үшін тіпті күлкілі көрінуі мүмкін. Өте арзан. Көп жерден 10 есе төмен деуге де болады. 

Бізде Қытай сайттарының кеңінен таралғанын әлеуметтік желілерден де көруге болады. Бұл сайт декреттегі аналарға өте тиімді болды. Тапсырыс беріп біреуге тауар алып берсе де, тапсырыс беруді үйретсе де қосымша табыс табуға үлкен мүмкіндік. Менің ойымша қазір Қазақстанның 80 пайызы сайттан тапсырыс беруді біледі деп ойлаймын.

Әрине кемшіліктері де жоқ емес. Тауарды орташа есеппен 15-20 күн күтесіз. Кейде сынып келетін немесе суреттегіден өзгеше тауарлар болады", — дейді Ақнұр Алданова.


Десе де, Қытай сайттарына деген ел тұрғындарының қызығушылығы қазір басылмайтын сыңайлы. "Тапсырыс беруді үйретемін" деушілердің қатары да күн санап өсіп келеді. Оқу ақысы да қолжетімді екен. Үйретушілердің сөзіне сенсек, мұнда сауда орталықтарында 1 500 000 теңгеден тұрған жұмсақ жиһазды 68 000-ға алуға болады-мыс. "Жеткізу ақысымен қосқанда 218 000 теңгеге шықты", — дейді Айгүл Ерубаева. 

Біз де сайтты бір ақтарып көрдік. Орташа бағасы 3000-4000 теңгеден сатылып жүрген жейделер 800 теңгеде, 1500-2000 теңге аралығында табылатын телефон қаптары 103 теңгеден тұр.