Қытай: Шәуешекте жазушы Қажығұмар Шабданұлы жер қойнына тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай: Шәуешекте жазушы Қажығұмар Шабданұлы жер қойнына тапсырылды

Қытай: Шәуешекте жазушы Қажығұмар Шабданұлы жер қойнына тапсырылды

Бүгін Қытайдың Шәуешек қаласында жазушы Қажығұмар Шабданұлы жер қойнына тапсырылды. Қырық жылын қамауда өткізген қаламгер екі күн бұрын өмірден өткен еді. Бар өмірін жат жұртта жүрген жетім қазақтың ар намысы үшін күресуімен өткізген жазушының арманы – тірісінде туған жердің топырағына табан тигізу еді. Сол үшін қазақ билігіне бірнеше мәрте бұйымтай айтып, үшбу хат жолдаған ақсақалдың арманы орындалмады.

  • 18 Ақпан 2011
  • 812
Фото - Caravan.kz

Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы бұрынғы Семей облысының Таңсық елдімекенінде туған. Кейін тағдыр тәлкегімен шекара асты. Жиырма жасынан бастап қытай билігінің қудалауына түскен Қажығұмар 40 жылын аспан асты елінің ажал абақтысында өткізді. Түрмеде жатып 6 томдық “Қылмыс” романын жазған жазушының кітабы 2009 жылы Алматыда басылып шықты. Бірақ еліне елеңдеумен өткен ерен ердің ең соңғы тілегін орындай алмадық. Марқұмның туыстары, ең құрығанда оның «сүйегін елге жеткізсек» деп талпынып, биліктің араласуын сұраған. Бірақ еліміздің Сыртқы істер министрлігі “Қажығұмар Шабданұлы Қытай азаматы болғандықтан бұл мәселе Қытай билігінің құзіретінде” деген жауаппен ғана шектелді.