Қытай «Сиань-Алматы» жүк тасымалдайтын халықаралық теміржол бағдарын іске қоспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай «Сиань-Алматы» жүк тасымалдайтын халықаралық теміржол бағдарын іске қоспақ

Қытай «Сиань-Алматы» жүк тасымалдайтын халықаралық теміржол бағдарын іске қоспақ

Шэньси провинциясының (ҚХР) Сиань қаласынан Алматы қаласына қатынайтын Қазақстан-Қытай жүк тасымалдайтын халықаралық теміржол бағдары ресми түрде 28 қарашада іске қосылмақ, деп хабарлайды «Сиань» халықаралық портты аймағының баспасөз қызметінен.

  • 19 Қараша 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Чанъань» халықаралық контейнерлік пойызы «Сиань-Баоцзи-Үрімші-Алашанькоу-Алматы» бағдары бойынша жүретін болады. Жол бағытының жалпы ұзындығы 3860 шақырымды құрайды, жүру ұзақтығы — 6 күн. Бұл теміржол бағдары жүк жеткізу уақытын автожол тасымалдарымен салыстырғанда 20 күннен артық уақытқа қысқартады.

Жергілікті БАҚ бұл бағдарды Қытай және Орталық Азия елдері арасында жүк тасымалдаудың ең тиімді жолы болатынын атап айтып, Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуінің «алтын жолы» деп атады.


Шэньси провинциясы — Қытайдың Солтүстік-Батысына өтетін қақпа. Ол елдің орталығында орналасқан және қытай мәдениеті мен тарихының рухани бесігі, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының басы болып саналады. Аңызға айналған батысқа қатынайтын сауда жолы дәл осы жерден, Чаньань қаласынан (қазіргі провинцияның әкімшілік орталығы — Сиань) бастау алған болатын.