Жарияланды: 290

Қытай СІМ Қазақстандағы әуе апатына байланысты көңіл айтты

ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи қазақстандық әріптесі Еран Ыдырысовқа Шымкент маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айтты. «Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырап, ондаған адамның қаза болғаны туралы қаралы хабар жанымды күйзелтті», - делінген СІМ-не сенбі күні келіп түскен жеделхатта. «Қытай Сыртқы істер министрлігі мен өзімнің атымнан марқұмдардың жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін