Қытай TikTok иесін социалистік құндылықтардан бас тартқаны үшін жазаға тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай TikTok иесін социалистік құндылықтардан бас тартқаны үшін жазаға тартты

Қытай TikTok иесін социалистік құндылықтардан бас тартқаны үшін жазаға тартты

Қытайдың киберкеңістік жөніндегі мемлекеттік әкімшілігі TikTok қосымшасы бар Пекин ByteDance компаниясына тиесілі Xigua видеосерверіне айыппұл салды.

  • 24 Маусым 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеосервиске "тұрпайы контент" таратуына байланысты санкциялар салынған. Барлығы реттеуші 31 ірі бейне платформаларды тексеріп, оның онына айыппұл салды.

Реттеушінің хабарламасында айыппұл салынған бейнесервистер социализмнің негізгі құндылықтарынан бас тартып, жастардың салауатты тәрбиесіне қауіп төндіреді, сонымен бірге қоғамдағы атмосфераны бұзатындығын көрсетілген.

Сонымен қатар, ведомство видеосервистерге жаңа пайдаланушыларды тіркеуге және қосымшалар үшін жаңартуларды жасауға тыйым салды, себебі порнографиялық материалдарды таратады және онлайн форматта құмар ойындарын ұйымдастырады.


 South China Morning Post басылымының жазуынша, соңғы уақытта Пекин Қытайдың киберкеңістігін тазарту үшін үлкен күш жұмсап жатыр. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бастаған коммунистік партия интернетте өз әсерін күшейте түсті.