Қытай төрағасы Назарбаевқа жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай төрағасы Назарбаевқа жеделхат жолдады

Қытай төрағасы Назарбаевқа жеделхат жолдады

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай Елбасы атына шетелдік мемлекет және үкімет басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

  • 5 Шiлде 2019
  • 50
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай Си Цзиньпин құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының ресми сайты.

Жеделхатта Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өткен.

"Қытай мен Қазақстан достық байланыс орнатқан көрші әрі стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 27 жыл болды. Осы уақыт аралығында Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы қарқынды дамыды. Екі елдің саяси өзара сенімі артып, "Бір жол, бір белдеу" жобасы аясында тиімділігі жоғары әріптестік орнады", — деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ, Си Цзиньпин осы жылдың сәуір айында Назарбаев қатысқан "Бір жол, бір белдеу" халықаралық әріптестігіне байланысты өткен форумға тоқталған. Қытай төрағасы сапар қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.


Ол Назарбаевтың ҚХР-ның "Достық" орденімен марапатталуы екі ел арасындағы байланыстың жоғары деңгейде екенін көрсететінін жазған.

 

Соңғы жаңалықтар