Қытай Төрағасының сапары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша өткелі отыр, делінген Қытай сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде.
Ведомствоның хабарлауынша, Ху Цзиньтао сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ саммиті 15 маусымда Қазақстанның елордасында өтеді.
Қытай Төрағасы сонымен қатар Ресей және Украина елдеріне мемлекеттік сапар жасайды және Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысады.