Жарияланды: 1900

Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Аталған келісім Қазақстан Республикасының азаматтарына магистратура бағдарламасы бойынша оқуға 25 млн. юань көлемінде гарнт бөлуді қарастырады. Жыл сайын Қазақстан Республикасының 15 азаматы Қытай Халық Республикасының мұнай-газ университеттеріне 5 жыл аралығында мұнай өнеркәсібі (10 адам) және басқа да мамандықтар бойынша (5 адам) оқуға жолданатын болады. Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы грант иегерлерін оқу ақысынан толығымен босатып, стипендия төлейді және баспанамен байланысты шығындарды көтереді. Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі С.Ырсалиев және Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының Вице-президенті Ван Дунзинь бастаған корпорация өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғимаратында өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін