Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы Қытайға жеткізілетін газ құбыры құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі туралы мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы Қытайға жеткізілетін газ құбыры құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі туралы мәлімдеді

Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы Қытайға жеткізілетін газ құбыры құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі туралы мәлімдеді

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы Қытайға жеткізілетін газ құбыры құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының вице-президенті Ван Дунзциньнің кездесуінде сенбі күні айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қазан 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында қазақстандық энергия тасымалын, атап айтқанда, «Қазақстан — Қытай» газ құбырын, шығысқа тасымалдау жөніндегі ағымдағы жобаны іске асыру мәселесі талқыланды.

В. Дунзцинь Қытайға жеткізілетін газ құбыры құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Қытай тарабы, сондай-ақ, «Қазақстан — Қытай» газ құбырының екінші желісінің құрылысын қаржыландыруға дайын екенін жеткізді.

Осы ретте, премьер-министр Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің сұранысын қанағаттандыру үшін тасымалданатын көлемді бөлудің бірінші кезектегі маңыздылығын атап өтті.

Энергия тасымалының қалған көлемі Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдеріне экспортталатын болады.

К. Мәсімов толықтай алғанда қытай корпорациясының инвестициялық бастамасын мақұлдады және Қазақстанның инвестициялық жобаларды келешекте де іске асыруға мүддесі бар екенін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар