Бұл туралы ТАСС Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спутник ғылыми эксперименттер жүргізуге, табиғи ресурстарды зерттеуге, егіс алқаптарын бақылауға, сондай-ақ стихиялық апаттарды болдырмауға және олардан келетін залалды қысқартуға пайдаланылады.
"Великий поход-4Б" ("Чанчжэн-4Б") зымыран тасығышы спутнигімен жергілікті уақытпен сағат 15:06-да ұшырылды. Бұл «Чанчжэн» сериялы зымыранының 217-ші ұшырылуы. «Яогань» сериялы спутниктері 2006 жылдан бері орбитаға шығарылып келеді, бұдан бұрынғы — «Яогань-27» аппараты ғарышқа осы жылғы 27 тамызда аттандырылған болатын.