Қытайда 1, 3 миллион қазақ тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда 1, 3 миллион қазақ тұрады

Қытайда 1, 3 миллион қазақ тұрады

Қытай Коммунистік партиясының негізі қаланғанына 90 жыл толды. Бұл туралы кеше Алматыда Қытай Компартиясы делегаттарының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушыларымен және студенттер қауымымен болған кездесуінде айтылды.

  • 15 Шiлде 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бейжің университетінің профессоры Пан Беэнің айтуынша, қазіргі таңда Қытайда 1 миллион 300 мың қазақ тұрады. Көршілес екі елдің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жыл өткен сайын тереңдеп келе жатыр. Бұл басқосу соның нақты айғағы болып отыр.

«Қытайға жастардың қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Біздің Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен байланысымыз алдағы уақытта бұдан да кеңейе түсетініне еш күмәнім жоқ», — деді ҚазҰУ-дің бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркiтбаев. Қонақтарды Қытай Компартиясының 90 жылдық мерейтойымен құттықтаған оның айтуынша, бұл оқу орнының шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасы бар. Сондай-ақ Конфуций орталығы да жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар