Қытайда 70 жастағы қазақ әже бизнес бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда 70 жастағы қазақ әже бизнес бастады

Қытайда 70 жастағы қазақ әже бизнес бастады

Көп балалы ана Ахмантай Ержанхан (Ahmantai Erjanhan) елу жылдан бері өсімдік пен жануар майынан қара сабын қайнатады.

  • 27 Тамыз 2018
  • 58
Фото - Caravan.kz

Көп балалы ана Ахмантай Ержанхан (Ahmantai Erjanhan) елу жылдан бері өсімдік пен жануар майынан қара сабын қайнатады, бірақ тек 70 жасқа келген шағында бұл ісін бизнеске айналдыруға кіріскен, деп хабарлайды Today.kz ecns.cn сайтына сілтеме жасап. 

Ұлты қазақ әже адамдарға өз шеберлігін үйретіп, Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы, Цинхэ округында тұратын 12 адамды жұмысқа алған. 

Оның кәсібін экологиялық сарапшылар мен Үрімші қоршаған орта мен қалыпты даму ұйымы қолдаған. 

Көшпенді қазақ тұрмысқа қажетті заттарды қолдан жасап отырған, соның бірі – қара сабын. Бұл жүз пайыз табиғи өнім, сабынды дайындап шығару жұмысы қоршаған ортаға зиян әкелмейді. 

Әженің сөзінше, отбасы кедей тұрған. Сабын қайнатуды үйренбей тұрып ол киімнің кірін кетіру үшін ағаш таяқшаларды қолданғанын айтады. Бұның нәтижесінде киім тез тозып кететін болған. 

Сурет: chinadaily.com.cn

"Қара сабынды алдымен отбасым қолданды. Сосын тұрмыстық химияны сатып алу оңай болған соң әрі сабын қайнату көп еңбекті қажет ететіндіктен, сабынды ауылда азғантай адам қайнататын. Бірте-бірте сабын қайнату дәстүрі жоғала бастады", – дейді ол. 

Ауылда 30-ға жуық әйел қара сабынды қалай қайнату керектігін біледі. Бұл біріншіден, кәсіп болса, екіншіден, туристер үшін байырғы тұрғындардың тұрмысынан хабар беретін таптырмас дәстүр. 


Әже сабынды дайындайтын заттарды ауылға жақын жерден тауып алады. Ол табиғи қоспаларды қолданатындықтан, бұндай сабынның емдік қасиеті де бар екен. 

Кәсіпкер әже сабынның бұл түрін жасау үшін бірнеше өсімдікті пайдаланады. 

"Баланың қызуы көтерілгенде, денесіне қара сабынды жағып тастап қызуын түсіреміз", – дейді кейіпкеріміз. 

Бір түйір сабынның құны 45 юань немесе 6,5 доллар, оның 10 пайызы ауылдың экологиялық қорына түсіп тұрады. 

"Қара сабынды қайнату дәстүрі ата-бабамыздан қалған. Екі күннің ішінде 10 отбасыға бір жылға жететін сабын жасап шыға аламыз. Жас ұрпақ осынау құнды дәстүрді ұмытпайды деп және қара сабынды қайнату техникасы жоғалып кетпейді деп сенемін", – дейді Ахмантай Ержанхан.

Кәсіп иелері өнімдерін сатылымы көбеюі үшін жергілікті платформаға да жүктеген.