Қытайда әйелдер боксынан Азия кубогы жарысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда әйелдер боксынан Азия кубогы жарысы өтеді

Қытайда әйелдер боксынан Азия кубогы жарысы өтеді

Қытайда 5-9 мамыр күндері әйелдер боксынан Азия кубогы сарапқа салынады.

  • 3 Мамыр 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Оған Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) рейтингісінде үздік төрттіктің қатарынан орын алған былғары қолғап шеберлері ғана қатыспақ. Жалпы бұған дейін Барбадосте өткен соңғы Әлем чемпионатында Азия боксшылары 3 алтын, 5 күміс, 5 қола медальге ие болған еді.

Ұлттық құраманың аға бапкері Вадим Присужниктің айтуынша, биыл тұңғыш рет ұйымдастрыылып отырған бұл дүбірлі додада ел намысын 6 спортшы қорғайтын болады. Олар Жайна Шекербекова, Саида Хасенова, Зура Хұсайынова, Марина Волнова, Юлдуз Маматқұлова, Елена Кольцова.