Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты өтеді

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты өтеді

Қытай түрмесінде өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген қазақстандық бойжеткенге қатысты шешуші сот қыркүйек айының басында өтеді.

  • 29 Тамыз 2019
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Adyrna.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт жыл бойы қызымен кездесе алмай, қайғыдан құса болған ата-анаға Қытай мемлекетіндегі сот отырысына барып қайту үшін қазақстандықтардың көмегі керек. Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты 3 қыркүйекте болады.

" (…). Құдайы жоқ Қытай мемлекеті егер сот үкімін өз күшінде қалдырып, Ақжарқынды өмір бойы бас бостандығынан айыру және оны Қытай елінде өтеуін ләзім деп тапса, сіз бенен біздің демеуімізбен сот процессіне анасы қатысса, зар илеген ананың бозторғайдай балапанынын соңғы рет құшуы, соңғы рет маңдайынан иіскеуі болар бәлкім… Жаратқан ием шапағатын төгіп, Қытай соты мейірімділік танытып, қызымызды тым құрығанда елге экстрадициялау мәселесіне үкім шығарса – онда біздің, қазақтың олжасы, қазақтың ұтқаны, бір қазақ шаңырағының таңының күліп, арайланып атқаны-дүр.

Сол ақ таңның тууына сіз болып, біз болып мұрындық болайық, ағайын! Қазақта Атымтай жомарт азаматтар көп-ақ. Сол жомарттығымызды дәлелдейік. Азаматтық танытайық! Алла жолына деп берген қайырымдылығыңыз Алладан еселеніп қайтсын, құрметті иісі қазақ. Кең байтақ даланы мекен еткен 18 млн халық Ақжарқынның анасының есеп шотына мүмкіндігімізше, тым құрығанда мың теңгеден салсақ, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімоваға үлкен көмек, демеу болары анық…", — деп жазылды порталдың Instagram желісіндегі парақшасында.


Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Ақжарқын Тұрлыбайға "алаша тасымалдады" деген айып тағылып, ол Қытайдан Малайзияға ұшып бара жатқан жерінен ұсталды.

Қытайдағы қазақстандық бойжеткенге көмектесемін десеңіз, көмекті қаржылай түрде анасының шотына аудара аласыз

Зухра Сейтімова

Kaspi Gold — 51 69 49 71 13 57 01 74

Соңғы жаңалықтар