Қытайда автобус жартастан құлап, 5 адам ажал құшты, 20 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда автобус жартастан құлап, 5 адам ажал құшты, 20 адам зардап шекті

Қытайда автобус жартастан құлап, 5 адам ажал құшты, 20 адам зардап шекті

Хубэй провинциясында автобустың биіктігі 20 метрлік жартастан құлауы салдарынан бес адам опат болып, 20 адам зардап шеккен.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы аймақтың билік көздері хабарлады.

Оқиға 19 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00 шамасында орын алған. Бұл кезде автобус тау жолымен көршілес Хэнань провинциясынан Энши қаласына қарай жол жүріп келе жатқан, делінген жергілікті үкіметтің таратқан баспасөз хабарламасында.

Оқиға кезінде 29 орындық автобустың ішінде 25 адам болған. Бесеуі оқиға орнында көз жұмды, қалғандары жергілікті екі ауруханаға жеткізілді.


Жол-көлік апатының себептері әзірге белгісіз.