Жарияланды: 370

Қытайда автобус жарылып жеті адам көз жұмды - БАҚ

Жұма күні Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында автобус жарылған. Салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тауып, тағы 36 адам жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.

Шуанъяшань қаласындағы көмір өндіретін компанияға тиесілі автобус салонында кәсіпорын жұмысшылары болған. Жарылыстың не себепті болғаны әзірге белгісіз. Жарылыстан қарсы бағытта келе жатқан микроавтобус та зақымданған. Қазір апат себептері анықталып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін