Артық аяқ бұзаудың қарын тұсынан өсіп шыққан. Бұл кемістігіне қарамастан бұзаудың денсаулығында еш ақау жоқ. Оның бұл кемістігін полимелия құбылысымен түсіндіруге болады. Артық өсіп шыққан сүйек эмбрионалдық даму кезіндегі егіздің өлген сыңарына тиесілі болуы мүмкін.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Американың Солтүстік Дакота штатындағы фермада алтыаяқты бұзау туған болатын. Сол кезде де артық аяқтың пайда болуына полимелия құбылысы себеп болуы мүмкін.