Қытайда болған қатты нөсер 150 адамның өмірін жалмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда  болған қатты нөсер 150 адамның өмірін жалмаған

Қытайда болған қатты нөсер 150 адамның өмірін жалмаған

Қытай биыл бұрын-соңды болмаған су тасқынынан зардап шегіп жатыр. Елдің жеті  провинциясында болған қатты нөсер 150 адамның өмірін жалмаған.

  • 18 Маусым 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz


Чжецзянь провинциясында  екі су бөгеті бұзылып, ірілі-ұсақты 18 елдімекенді басып қалған. Сондай-ақ Диянькоу аймағында 2 жарым мың баспана жермен-жексен  болған. Жергілікті билік соңғы болған тасқыннан 2 жарым млн. адам зардап шекті дейді. Қазір 555 мыңнан аса тұрғын баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті билік табиғат апатына қарсы тұруға қауқарсыз болғандықтан, бүгінде елдің әскери құрылымдары жұмылдырылды. Олар әлі де судан зардап шеккендерді құтқару шарасымен айналысып жатыр. Сондай-ақ тасқыннан ауыл шаруашылығы да қатты зардап шеккен. Билік өкілдерінің алдынала есебіне қарағанда, табиғат апаты 1 млрд. долларға жуық шығын келтіріпті. 

Соңғы жаңалықтар