Жарияланды: 490

Қытайда есірткі контрабандасы үшін ресейлік азаматқа қатысты өлім жазасы қолданылуы ықтимал

Ресей азаматына есірткі контрабандасы үшін өлім жазасы белгіленді, деп хабарлады бейсенбіде ҚХР-ғы ресейлік елшілікке сілтеме жасай отырып Бірінші канал.

Дипломаттардың мәліметтеріне қарағанда, бұл ер адам есірткі контрабандасы үшін кінәлі деп танылған. Ол Орталық Азиядан 3 кило героин алып өтпек болып, Үрімші әуежайында қолма-қол ұсталыпты. Ол өткен жылы күзде қамауға алынған. Үрімшіде қарашада сот өткен. Енді үкімді ҚХР жоғарғы сот инстанциясы бекітті. Жазаны орындау мерзімі екі жылға ұзартылған. Демек, сотталушы кінәсін тереңірек мойындаса, өлім жазасы ұзақ мерзім түрмеде отыру жазасына ауыстырылуы ықтимал, дейді телеарна.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін