Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"31 провинциядан (аудандар, орталыққа бағынышты қалалар) коронавирустың жаңа түрінен пайда болған пневмония жұқтырудың 44 653 расталған фактісі туралы ақпарат алынды. Бұған қоса, қазіргі таңда 38 800 адам ауырып жатыр, олардың 8 204-і ауыр халде. 4 740 науқас ауруханадан шығарылса, 1 113 азамат көз жұмды", — деп РИА Новости ҚХР мемлекеттік комитетінің мәлімдемесін жариялады.
Атап өтсек, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 015 жаңа оқиғасы анықталып, ауруханадан 744 адам шығарылды. Сондай-ақ, 97 науқас қайтыс болды.
Бұл ретте, ауыр халде жатқан пациенттер саны бір тәулікте 871-ге артқан. Науқастармен тығыз байланыста болған тағы 185 мыңнан астам адам дәрігерлер бақылауында.
Сонымен қатар, Гонконгте коронавирус жұқтырудың 49 фактісі анықталды, бір азамат мерт болды. Макаода — он инфекция жұқтырған пациент және бір емделген адам, ал Тайваньда 18 науқас індет жұқтырып, біреуі ауруханадан шығарылды.