Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Вирус жұқтырғандардың көбінде, 23 815 адамда ауру белгілері жоқ. 1 350 адамда жөтел және әлсіздік бар.
Бір апта ішінде Қытайда симптомсыз вирус тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мыңға дейін өсті.
Шанхайда және Цзилинь провинциясы (Қытайдың солтүстік-шығысында) коронавирус ошағы болып отыр, вирус жұқтырғандардың 94 пайызы осында.
Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қытайда 1,5 миллионнан аса адам ауырып, 13,2 мыңнан аса науқас қайтыс болды.