Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсыруға кірісті.

  • 29 Шiлде 2020
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бул туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді.

Мұнда COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардың төртеуі – шетелден келгендер, ал 64-і – жергілікті тұрғындар.

Қауіпті дертпен 57 адам Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, ал алты науқас Ляонин провинциясында, тағы біреуі Бейжің қаласында тіркелген.

Жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсырып жатыр. Алайда қауіпті кесел соның өзінде бес аймаққа тарап үлгерген.


Әлемде коронавирусқа шалдыққандар 16 миллионнан асып кетті. Оның 10 миллионға жуығы жазылып шықты, ал 654 мың адам қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар