Қытайда көшкін салдарынан 16 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда көшкін салдарынан 16 адам қаза тапты

Қытайда көшкін салдарынан 16 адам қаза тапты

Қытайда Лишуй қалалық округінде көшкін жүрді. Балшық пен тас ағыны салдарынан 27 үй үйінді астында қалды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

  • 16 Қараша 2015
  • 279
Фото - Caravan.kz

Соңғы деректер бойынша Қытайдың шығысында орналасқан Чжэцзян провинциясындағы  ауылда кемінде 16 адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз кетті, деп хабарлады жергілікті билікке сілтеме жасап  Ассошиэйтед пресс агенттігі.

Бұдан бұрын 9 адамның қаза тауып, 28 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған.

Оқиға қалалық Лишуй округінде Лидонг ауылында жұма күні кешке орын алды. Ағын ауылды басып, 27 үй балшыққа көміліп қалды.  Құтқарушылар әзірге аман қалған 1 адамды ғана тапты.


Соңғы жаңалықтар