Жарияланды: 430

Қытайда мыңдаған ғимарат, егістік алқаптары су астында қалды

Қытайда бірнеше аптадан бері толассыз жауған нөсерден өзендер арнасынан асып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде тасқыннан 24 адам қаза тапқан.

Тағы 30-дан астам тұрғын із-түссіз жоғалғандар санатында. Апат аймағынан қазір 1 млн-ға жуық тұрғын көшірілді. Мыңдаған ғимарат, егістік алқаптары су астында қалды. Сондай-ақ таулы аймақтардағы лай көшкінінен тас жолдар мен көпірлер қирап, электр желілеріне қатты зақым келген. Жергілікті биліктің алдын  ала есебі бойынша  қазірдің өзінде табиғаттың тосын мінезінен келген шығын 250 млн АҚШ долларынан асып отыр. Метеорологтар да нөсер жауынның апта соңына дейін толастамайтынын айтады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін