Жарияланды: 1200

Қытайда қаптаған қырықбуын жәндігі теміржол желісін жауып тастады

Солтүстік Қытайда пойыздың жүруіне қырықбуын кедергі келтірді. Мыңдаған жәндік теміржол өткелін кесіп өтіп бара жатты. Пойыз жүргізушісі жүк пойызын үш сағатқа тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлады Утро.ру. Қырықбуындар теміржолдың бір шақырымға жуық бөлігін тосқауылдап тастады. Тек жұмысшылар сыпыртқылар мен күректердің көмегімен рельстерді тазартқаннан кейін ғана пойыз жүрісін жандандыра алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін