Қытайда Қазақ киносының апталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Қазақ киносының апталығы ашылды

Қытайда Қазақ киносының апталығы ашылды

Осы күндері Қытай астанасында өтіп жатқан ІІІ Бейжің Халықаралық кинофестивалінің аясында Қазақстандық кино апталығы ашылды.

  • 18 Сәуiр 2013
  • 398
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні көрермен назарына «Менің балалық шағымның аспаны» фильмі ұсынылды.

«ҚР мен ҚХР арасында қарқынды дамып отырған мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестік тату көршіліктің екі жақты қарым-қатынасының және жан-жақты стратегиялық әріптестіктің дамуына септігін тигізетін болады», — деп атап өтті ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандық кино апталығының ашылу салтанатында.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев апталық аясында ұсынылатын туындылар Қазақстанның шежіресі және елдің қазіргі тынысы туралы сыр шертетініне тоқталды.

«ҚазАқпарат» бұған дейін хабарлағандай, қытайлық көрерменнің назарына «Шал», «Жаужүрек мың бала», «Виртуалды махаббат», «Махаббат тәлкегі» және «Ликвидатор» фильмдері ұсынылмақ.

23 сәуірге дейін ұласатын Бейжің Халықаралық кинофестивалінің барысында қытайлық және шетелдік 260 туындыны көрсету діттеліп отыр.

Перейти к новостям спорта