Онда жарыс қожайындары қарсыластарын 41:4 есебімен ойсырата ұтты. Ал кеше қазақстандықтар жапондықтарға 26:38 есебімен есе жіберсе, оңтүстік кореялықтар солтүстіктегі қандастарын 44:29 есебімен жеңді. Қазақстанның қол добы шеберлері келесі ойынын енді ертең Солтүстік Корея құрамасымен өткізеді. Жалпы бұл дүбірлі додаға берген өтініштерін жарыс басталар алдында Өзбекстан, Катар және Ирак құрамалары кері қайтарып алған болатын.