Сарапшылардың айтуына қарағанда, қуаңшылықтан 15 млрд юань (2,3 млрд $) шығын келтірілген, 3,7 млн егістік алқабы күйіп кетті.
Апаттан Цзянсу, Аньхой, Цзянси, Хубэй және Хунань провинциялары зардап шеккен. Биылғы жылдың қаңтар айынан бері бұл аймақтарға жауған жауын-шашын мөлшері жылдағымен салыстырғанда 60% кеміген.
Орталық үкімет қуаңшылықпен күресуге 2 млрд юань (312,5 млн$) бөлді.
Сонымен қатар, жергілікті билік Янцзы өзенінің төменгі сағасындағы халықты сумен қамтамасыз ету үшін «Санься» гидроэнергетикалық кешенінің қоймасынан ағатын су мөлшерін айтарлықтай көбейтті.