Қытайда салынып жатқан метро туннелінің опырылуы салдарынан үш адам қаза тауып, 17 адам хабар-ошарсыз кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда салынып жатқан метро туннелінің опырылуы салдарынан үш адам қаза тауып, 17 адам хабар-ошарсыз кетті

Қытайда салынып жатқан метро туннелінің опырылуы салдарынан үш адам қаза тауып, 17 адам хабар-ошарсыз кетті

Алматы. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қытайда салынып жатқан метро туннелінің опырылуы салдарынан үш адам қаза тауып, 17 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Ханчжоу қаласы (Чжэцзян провинциясы) үкіметінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында құтқару-іздестіру шаралары қарқынды жүргізілуде.

«Синьхуа» ақпаратына сәйкес, апатқа байланысты жер үстінде 75 метр учаске опырылып, үш адам қаза тауып, 17 адам хабар-ошарсыз кетті. 16 қарашадағы жағдаймен шұңқырдан 11 автокөлік шығарылды. Апат болған жерге таяу жерде тұратын үш шаруа отбасы басқа жаққа көшірілді.

Құтқару, қатерлерді жою және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында оқиға орнында 1000 астам құқық қорғау қызметкері жіберілген.

ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлерінен құралған мамандар оқыс оқиғаның болу себептерін зерттеп, оның зардабын жою жобасын жасауда.

15 қарашада метро туннелінің бір бөлігі опырылған кезде жер астында 20 жұмысшы болған, деп хабарлайды Associated Press.

Мамандар туннельдің опырылып, шұңқыр түзілуіне құрылыс сапасы мен материалдар сапасының төмен болуы себеп деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар