Жарылыс Лоуся қаласының ауданында орналасқан шахтада орын алған.
Қазіргі кезде 56 адамды қауіпсіз жерге көшіріліп, олардың бесеуі түрлі дәрежедегі жарақаттар алғаны белгілі болды, алайда дәрігерлер бұл адамдардың өміріне қауіп төніп тұрмағанына сендіріп отыр.
Құтқарушылар үйіндінің астында қалып отырған тағы үш жоғалған кеншіні іздеп жатыр. Оқиға орнында провинцияның губернаторы келді, деп жазады Би-би-си.
Жарылыс себептері туралы хабарланбай отыр, алайда Синьхуа агенттігінің дереккөздері мәселе газдың жарылуы туралы болып отырғанына сендіруде.